Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club139532325
Описание
Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Әкесі Қанат Айтбаев — облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыкалық адамдар. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі бар. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.
Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастаған. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.
2010 жылы “Байқонырдың Әсем дауыстары” Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш Құдайберген “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.